Айкерім Қалаубаева - Уәде берме әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айкерім Қалаубаева - Уәде берме әнінің сөзі

Айкерім Қалаубаева - Уәде берме әнінің сөзі

Айкерім Қалаубаева қазақ эстрадасының қуыршағы деп аталып кеткен танымал әнші. Сахнада жүргеніне биыл 20 жыл. Ең алғашқы хит әндері "Ертегілер әлемі", "Мама", "Жылайды жапырақ". Күні бүгінге дейін бұл әндерін тыңдарман жалықпай тыңдауда. Жақында қызы Айданаға арнап "Қыздар-ай" атты әнге бейнебаян түсірді. Сонымен қатар жуырда тағы да жаңа ән, бейнебаяндардың тұсауын кеседі.

  • 3 Ақпан 2020
  • 1232
Фото - Caravan.kz

 

Әні: Азизбек Айтжанов 

Сөзі: Асылбек Артықов

Уәде берме,

Өміріңді гүл етем деп уәде берме,

Әлемдерде серілердің серті мықты әйелдерге.

Уәде берме,

Сүй алмасаң дәрежеңнен төмендеме.

Көнем деме,

Амалсыздан барған, тұрмас уәделерде!

Қайырмасы:

Уәде берме,

Роза гүлдің жүз бірімен келем деме.

Кешкілік Алматыда серуендеуге,

Хақың жоқ жүрегімді әурелеуге.

Уәде берме,

Сертіңді серім бұзып еркелеме,

Тіліңмен мың апардың шет елдерге,

Қайтесің қызығы жоқ мекендерде.

Уәде берме,


Шын бақытқа жеткізем деп әдемі елде,

Уәде берме,

Әр күнімді өткізем деп сенімен бірге.

Уәде берме,

Бұйырса деп жүгінбей-ақ дәлелдерге,

Корабльде капитан да алаңдайды әлденеге.

Қайырмасы: