"Әйелді басындырмау керек, құтырып кетеді" Жігер Ауыпбаев отбасылық қарым-қатынасы жайлы ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелді басындырмау керек, құтырып кетеді"  Жігер Ауыпбаев отбасылық қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

"Әйелді басындырмау керек, құтырып кетеді" Жігер Ауыпбаев отбасылық қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасына сүйенсек, Қазақстанда жылына 400-ден астам әйел зорлық-зомбылықтан қаза табады.

  • 4 Ақпан 2020
  • 570
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күйеуінің ұрып,соғуынан қаншама нәзік жандылар өмірден өтіп жатыр. Ал кейбір өнерде  жүрген азаматтар әйелін ұруды жөн санайды тіпті ол әйел үшін емдік қасиет дейтіндер де жоқ емес.

Жан Ахмадиев бұл туралы былай дейді: «Мен әйел затына ешқашан да қол көтерген емеспін. Көтермеймінде. Менікі тек қамшы. Атам қазақ қамшыны төрге іліп қойған ғой. Әйелді Қамшымен ұру дегенді көп адам түсінбейді. Ол міндетті түрде сабап, артына із қалдыру емес. Әйел адамға үш әріп те кіруге үйір болады ғой. Соны шығару үшін қамшымен түрткілеп тұру керек. Осы үрдісті мен жасап тұрам»

Ал жас отбасылардың көзқарасына келсек, белгілі жайдарманшы Мерекенің жолдасы Арсен Акиев былай дейді:                                    «Жалпы ол нәрсе шариғатымызда айтылған ғой. Әйелді ұруға болмайды. Олар өзі қисық қабырғадан жаратылған.Оны сен түзей алмайсың.Түзеймін деген адам сындырып алуы мүмкін. Жәй түсіндір немесе сөйлемей қоя сал,сол кезде барып әйел өз қателегін түсінеді. Әйел затын ұрған еркек сол күні "еркек" атынан айырылғаны деп санаймын.»


Қазақ сахнасының серісі Жігер Ауыпбаев қыз балаға еркіндік бермегенді дұрыс деп біледі.

«Әйелді қатты басындырмау керек. Басынып кетсе бүкіл әйелдер құтырып кетеді ғой. Бұл әрине қалжың ғой. Шын мәнісіне келер болсақ, бір нәрсе айтайын, бұл жерде барлығы имандылықтан. Себебі отбасында имандылық көп дәріптелетін болса, ер адам мен әйел адамның арасында шеттен шығу, адамдық ардан аттап кету деген болмайды. Бүкіл дүниенің бәрі Пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен сара жолында жатыр. Құранда белгілі бір деңгейде әйел теңдігі жайлы айтылады. Сол себепті әр адамның әйелімен қарым-қатынасы өз иманында жатыр.» -дейді.