Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.

  • 4 Ақпан 2020
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​"Болашақ" өзекті білім беру институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1996 жылы "Алюминий Қазақстан" АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2010-2013 жылдары — "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті болды. 2013-2014 жылдары — ҚР  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.