Өзбектің "Жүрек" әнін қазақ әншісі Асылжан Абдулла неге 20000 долларға сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбектің "Жүрек" әнін қазақ әншісі Асылжан Абдулла неге 20000 долларға сатып алды

Өзбектің "Жүрек" әнін қазақ әншісі Асылжан Абдулла неге 20000 долларға сатып алды

Асылжан Абдулла өзбектің «Жүрек» әнін 20.000 долларға сатып алды.

  • 6 Ақпан 2020
  • 1173
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Көпшілікке «Сағынбаймын» әнімен танылған әнші Асылжан Абдулла «Жебе» тобы тарап кеткен соң жеке шығармашылығымен айналысуда. Жуырда жарыққа шыққан «Жүрек» әні YouTube желісінде аз уақыт ішінде 1,7 миллион қаралым жинады. Бұл өзбектің танымал әншісі Шохрукханның әні болатын.

Ұрланған ән деп санап жүрген тыңдармандар үшін Асылжаннан алған сұхбатты ұсынамыз.

—  Асылжан қазіргі уақытта жеке шығармашылығыңыз қарқынды дамып келеді. Қоржыныңызда қанша ән бар?

— Аллаға шүкір. Көп еңбектенудемін.Тоқтаусыз жұмыс жасап келемін. Дәл қазір қоржынымда 17 ән бар 3 бейнебаян дайын. Жарыққа шықпаған 4-5 ән бар және төртінші бейнебаянға дайындық үстіндемін.

— Әлеуметтік  желіде миллион қаралым жинаған "Жүрек" әніңіз өзбектің әншісі Шохрукханның әні. Сіз ол әнді 20.000 долларға сатып алды деп есіттім. Ол қаншалықты рас?

— Негізі бұл әнді мен айтатын кезде енді шыққан жаңа ән болатын. Келісімін алу шамалы қиындау болды. Бұл ән енді маған ұнаған соң көндірдік қой. (күліп) Ал енді қаржы жағына келетін болсақ, құпия болып қала берсін. Бірақ әннің ақысы төленгенін жасырмаймын. Бастысы рұхсатсыз ұрлап алған жоқпын. Тыңдарманыма да қатты ұнады шүкір.

— Шохрукханмен алдағы  уақытта дуэт айту жоспарда бар ма?

— Жақында өтетін Шохрукханның жеке кешіне негізі шақырту алдым. Осы «Жүрек» әнін орындағаным оған да ұнапты. Бірақ бару, бармауым әзірге белгісіз. Алла бұйыртса барып қалармыз. Сонымен қатар алдағы уақытта бейнебаянға Шохрукханның өзі де түсуі әбден мүмкін. Дайындықтар жүріп жатыр.

— Қанат Үмбетов және Әлия Әбікенмен тойларда көбіне бірге көреміз. Бұл сәйкестікпе әлде олармен қандайда бір байланысыңыз бар ма??

— Ешқандай сәйкестік емес. Қанат аға мен Әлия әпке қазір маған үлкен демеу болып жүрген жандар. Мені өнерде қолдап жол көрсетіп жүрген аға-әпкем. Шығармашылығымызда бір сазгермен жұмыс жасап жатырмыз. Олармен де дуэтім бар.

 

 

Сұхбаттасқан Гүлнұр Серікбай

ЕСКЕРТУ: Материалды көшіріп басу үшін редакцияның рұқсаты керек!