Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Лауазымды тұлғалар ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, қазір олар уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр

  • 6 Ақпан 2020
  • 77
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен ШҚО әкімі аппараты заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталды. Қазір олар Өскеменнің уақытша ұстау абақтысында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.