Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап.
« Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілді », — делінген хабарламада.
Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Стамбұу бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды.