Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы дастархан үстіндегі видеомен бөлісті. Қарындасының ең жақсы көретін әнін ағасы Заңғар тосын сый жасап, түрлі аспаптармен орындап қуантты.
Ол өзінің әлеуметтің желідегі жеке парақшасында:
"Өзіңіз ойлап көріңізші, таңғы шәй уақытынан бастап, күніге көріп жүрген ең сүйікті мультигіндегі әнді өз үйінде ойламаған жерден тосын сый ретінде көрсе, бала үшін таңғажайып көрініс қой я? Ақмөріміз бөлмеден шыққанда түкке түсінбей аң-таң күйде болды.Заңғар ағасының ұйымдастыруымен. Айтпақшы, Занғарым осы екі досымен “AIZaBI” группасы болып, жастардың жаңа стилінде өнер көрсетуге дайындық үстінде. KN шәкірттеріне ақ жол тілеп қойсаңыздар!" -деп жазба қалдырған.