Еуразия кинофестивалі мойындамаған Пон Чжун Хон "Оскар" алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразия кинофестивалі мойындамаған Пон Чжун Хон "Оскар" алды

Еуразия кинофестивалі мойындамаған Пон Чжун Хон "Оскар" алды

2020 жылдың ең үздік сыйлықтарының бірі "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімі өз мәресіне жетті. Актерлер мен актрисалардың, режиссерлер мен сценаристердің асыға күтетін бұл мерейлі мерекеде топ жарған Пон Чжун Хоның өзі және "Паразиттер" фильмі.

  • 10 Ақпан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды ztb.kz —ке сілтеме жасап.

Пон Чжун Хо «Оскар» сыйлығын алған тұңғыш оңтүстіккореялық режиссер.

«Паразиттер» фильмінің режиссері Пон Чжун Хо «Үздік режиссер» номинациясы бойынша Оскар сыйлығын иеленді. Бұл номинацияға Сэм Мендес («1917» фильмі үшін), Квентин Тарантино («Однажды в… Голливуде» фильмі үшін), Мартин Скорсезе («Ирландец» фильмі үшін), Тод Филлипс («Джокер» фильмі үшін) таласқан.

Мендес «1917» фильмі үшін «Золотой глобус» сыйлығын алған болатын.

«Паразиты» фильмі сонымен қоса «Үздік фильм», «Үздік шетелдік көркем фильм», «Үздік сценарий» номинациялары бойынша да Оскар жүлдесіне лайық болды.

Былтыр Елордада өткен Еуразиялық кинофестивальде Пон Чжун Хоның туындысы жүлдесіз қалған.

"Оскар-2020" жүлдесін алғандардың толық тізімі:

Ең үздік фильм – «Паразиттер» («Паразиты»)

Ең үздік ер адам рөлі – Хоакин Феникс («Джокер»)

Ең үздік әйел адам рөлі – Рене Зеллвегер («Джуди»)

Екінші пландағы ең үздік ер адам рөлі – Брэд Питт («Бір күні Голливудте» – «Однажды в Голливуде»)

Екінші пландағы ең үздік әйел адам рөлі – Лора Дерн («Неке оқиғасы» – «Брачная история»)

Үздік режиссёр – Пон Джун-Хо («Паразиты»)

Үздік әуен – «I'm Gonna Love Me Again» («Рокетмэн»)


Үздік саундтрек – «Джокер»

Үздік түпнұсқа сценарий – «Паразиттер» («Паразиты»)

Үздік бейімделген сценарий – «Джоджо» ор қоян («Кролик Джоджо»)

Үздік деректі фильм – «Америка фабрикасы» («Американская фабрика» )

Үздік шетелдік фильм – «Паразиттер» («Паразиты»)

Үздік анимациялық фильм – Ойыншықтар оқиғасы («История игрушек 4»)

Үздік грим мен шаш үлгісі – «Жанжал» («Скандал»)

Үздік костюмдер дизайны – «Жас сіңлілер» («Маленькие женщины»

Үздік қоюшы художник – «Бір күні Голливудте» («Однажды в Голливуде»)

Үздік операторлық жұмыс – «1917»

Монтаждалған үздік әуен – «Ferrari-ге қарсы Ford» («Ford против Ferrari»)

Үздік таңдалған әуен – «1917»

Үздік монтаж – «Ferrari-ге қарсы Ford» («Ford против Ferrari»)

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Шашқа деген сүйіспеншілік» («Любовь к волосам»)

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Соғыста жүріп скейтборд тебуді үйрену («Научиться кататься на скейтборде в зоне боевых действий (если ты девчонка)»

Үзді визуальды эффект – «1917»

Үздік қысқаметражды ойын фильмі – «Қарама-қарсы терезе» («Окно напротив»)