Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Атышулы бағдарламаның бұл ақпаратын Шах Керім айтып берді. Режиссер Асылы ханымның айықпас дертке шалдыққанына 2-3 ай көлемі болған. Қазіргі таңда Түркия елінде, яғни, өз туған жерінде емделу үстінде. Шах Керімнің айтуы бойынша қашан Қазақстанға оралатыны белгісіз.
Оқырмандар легінің бір тарапы Асылы ханымға шипа тілесе, енді бір тарап бағдарламаны қазақ елінде жүргізгені үшін ашумен жаман пікір қалдырды.
Ал, бағдарламаның өзіне келер болсақ, 7 ақпан күнінен бастап ішінара үлкен дау басталған. Отырған қатысушылар тікелей эфир барысында өтірік, яғни, шынайы бағдарлама еместігін айтты.
Елімізде бағдарламаның жабылуын талап етіп жүрген адамдар қаншама.