"Беріп қояды": Мақпал Исабекова бейнебаянға түскені үшін ақша алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Беріп қояды": Мақпал Исабекова бейнебаянға түскені үшін ақша алмады

"Беріп қояды": Мақпал Исабекова бейнебаянға түскені үшін ақша алмады

Соңғы уақыттарда хайпқұмар жастар әсіресе жас әншілер көбейгені өтірік емес. 

  • 11 Ақпан 2020
  • 450
Фото - Caravan.kz

Жақында "Гәкку" арнасынан жарық көрген "Беріп қояды"  бейнебаянынан соң, оның орындаушысы 2Rar-дан Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбат алған еді.

— Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең?

— Есімім Тұрар. Қызылорда қаласының тумасымын. Жасым жиырма үште. Негізі мен өнерге келемін деп ешқашан ойламаған адаммын. Бір сәттер болды былтыр «сары қыз» атты ән жазып көрдім. Өзіме де ұнады, тыңдап отырған тыңдармандарға да ұнады. Сосын әрі қарай ән жазып шығарамын шешім қабылдадым. Бұрын өнерге жақындауға тартынатынмын. Өнерде өзімді елестете алмайтынмын. Бірақ бір сәтте бұл ортаға топ ете қалдым. Музыкалық білімім жоқ, вокалға барып көрген жоқпын.

— Өнерде қазір қолдаушың кім?

— Иә,бар. Өзім бірінші әнімді шығарғаннан кейін, маған ұсыныс келді. «NG» production-ның  продюсері Назира Әлмұхаметова.Қазір осы продюсерлік орталықпен жұмыс жасау үстіндемін.

— Сенің ерекше әнің бар, тақырыбын "Беріп қояды" деген екенсің. Неліктен дәл осы тақырыпты таңдадың?

— Иә! Ол әнді көбісі ерекше көреді. «Беріп қояды» — деген ол нөмірін беріп қояды деген мағынада жазылған. Ол былай қарап тұрсаң қазіргі заманның шындығы. Жеңіл ән емес. Дұрыстап тыңдаған адамға өте мағыналы өлең.

 

— Әндеріңнің сөзін
кім жазады. Жалпы ақынға осылай болсыншы сөзі  деп өзің айтасың ба?

— Жалпы көп нәрсені өзім жасаймын. Ән, сөз, аранжировка деген сияқтылардың дерлік  80% -ын өзім жасаймын. Сондықтан кез-келген жазған  сөзімде автор ретінде бір нәрсе жеткізгім келеді.

— Мақпал Исабекова сенің бейнебаяныңа түскені үшін қанша гонорар алды?

— Мақпалмен бірге түскен видео ол арнайы Youtube желісі үшін түсірілген болатын. Ешқандай ақша алған жоқ ол кісі.Мақпалмен біз бұйырса дуэт жазып жатырмыз. Бірден бейнебаянмен шығарамыз. Дәл қазір альбом жазу үстіндемін 8 әннен тұратын. Қазіргі менің сезімдерім жайлы айтылған әндер. Ол да жақында жарыққа шығады. Алдағы уақытта шығармашылығыма білек сыбана кірісетін боламын бұйыртса.

— Хайп үшін кез келген батылдыққа бара аласың ба?

— Хайп үшін көп нәрсеге баруға болады. Бірақ мен ондайға барған жоқпын. Мысалы мені көп бағдарламаларға шақырады «Астарлы ақиқат» т.б . Мен ол жерге барғым келмейді. Себебі сені отырғызып қояды да сенен жаман адам жоқ. Халық әртістерін отырғызып қойып сен жаман ән айтасың, сенікі дұрыс емес деп қаралағаннан басқа шаруалары жоқ. Сондықтан ондай арзан хайптарға аса қатты құштарлығым жоқ.