«Сәләфиттердің отаны» атанған Ақтөбеде дін атын жамылған қылмыскерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сәләфиттердің отаны» атанған Ақтөбеде дін атын жамылған қылмыскерлер ұсталды

«Сәләфиттердің отаны» атанған Ақтөбеде дін атын жамылған қылмыскерлер ұсталды

Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты.

  • 12 Ақпан 2020
  • 67
Фото - Caravan.kz

Олар көлікті айдап кету, заңсыз қару сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру, т.б. ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, адамдар өзінің шынайы пайдакүнемдік және қылмыстық ниетін жасыру мақсатында дінді жамылады. Сол үшін Полиция департаменті тұрақты негізде өңірдегі діни ахуалға жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіп отырады.

Мысалы, 2019 жылы 27 шілдеде Ақтөбе қаласындағы жағажайда кісі өлімі орын алды. Қылмыскер өз танысын аңшы мылтығымен атқан. Әкімшілік жауапкершілікке 511 адам тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, діни әдебиетті заңмен белгіленбеген жерлерде заңсыз тарату фактілерін анықтау іс-шаралары жалғастырылды. Сонымен қатар, заңсыз медициналық қызметті жүзеге асырудың және дінді жамылған емшіліктің 1 фактісі анықталды дейді мамандар.


Жалпы, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардың террористік қауіп-қатерден қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қойылған міндеттерді орындауға дайын.