Атыраудағы түрме бастығы мен бухгалтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы түрме бастығы мен бухгалтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атыраудағы түрме бастығы мен бухгалтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысындағы УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

  • 13 Ақпан 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«ҰҚК департаменті Атырау облысының прокуратурасымен бірлесіп, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Олар 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі бойынша тергелуде», — делінген хабарламада.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.


Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.