Алматыда ауа сапасын қадағалайтын қоғамдық қор құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ауа сапасын қадағалайтын қоғамдық қор құрылды

Алматыда ауа сапасын қадағалайтын қоғамдық қор құрылды

Алматыдағы кәсіпкерлер қаладағы ауаның ластануын қадағалайтын тәуелсіз AirVision қорын құрды.

  • 13 Ақпан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап

Осы бастаманы көтергендердің бірі Алексей Ли жобаның басты мақсаты Алматы ауасының сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу дейді. 

Қазір қаланың ауасы қаншалықты лас екендігі туралы ақпарат әр жерде әрқалай. Соған байланысты әкімдік, тәуелсіз Airkaz сарапшылары мен Қазгидромет бірігіп жұмыс жасамақшы екен. 

«Қазір алматылықтар үшін ең басты мәселе — ауа тазалығы. Біздің қор қоғамдық белсенділер, ғалымдар, инженерлер, экология бойынша сарапшылар, бұл проблеманың ортақ шешімін тапса дейміз. Біздің ұйым коммерциялық емес. Біздің мақсатымыз қаламызды барлығымыз үшін қауіпсіз ету», — деді Берік Қаниев.


Қордың қаржылық жағдайын кәсіпкерлер қадағалайды. Аталмыш қор 10 күн бұрын тіркеліпті.