Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады деп болжанып отыр, оңтүстікте де ауа райы жауын-шашынды

  • 14 Ақпан 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

 Синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты.

"Ал Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Ауа температурасы жексенбіден бастап аздап төмендейді, осылайша ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады", — делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы


Нұр-Сұлтан

  • 15 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -7℃, күндіз -4℃.
  • 16 ақпанда күн бұлтты, қар жауады, түнде -8℃, күндіз -6℃.
  • 17 ақпанда аздаған қар жауады, түнде -7℃, күндіз -5℃.

Алматы

  • 15 ақпанда күн ала бұлтты, түнде -2℃, күндіз +4℃.
  • 16 ақпанда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, түнде +1℃, күндіз +1℃.
  • 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -4℃, күндіз +1℃.

Шымкент

  • 15 ақпанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +4℃, күндіз +8℃.
  • 16 ақпанда жабысқақ қар жауады, түнде +1℃, күндіз +4℃.
  • 17 ақпанда күн бұлыңғыр, түнде -3℃, күндіз +4℃.