Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлады.
Өңір басшысы Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, шекарадан шетелдің бірде-бір азаматы өтпейтінін айтты. «Қытаймен екі арадағы шекара жабылды. Сол үшін барлықтарыңызды сабырға шақырамын. Ал сол елден келген біздің 5 азаматымыз оқшауланып, карантинге жатқызылады. 3 күннен кейін Зайсанға тағы келіп жағдайды бақылаймын», — деді Даниал Кенжетайұлы. Осыған дейін облыс әкімдігі Зайсан ауданындағы ауруханаларға коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жатқызылады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеген еді.