1001 түн телехикаясының басты кейіпкері өмірде ажырасып кетті ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1001 түн телехикаясының басты кейіпкері өмірде ажырасып кетті ме?

1001 түн телехикаясының басты кейіпкері өмірде ажырасып кетті ме?

Қазақстандық көрермендердің ең сүйікті телехикаяларының бірі 1001 түн cериалы. Сиқырлы ертегі желісі бойынша өрбитін бұл махаббат хикаясының жалғасы да бар.

  • 24 Ақпан 2020
  • 3684
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Көншіліктің көзайымына айналған 1001 түн телехикаясының сюжет желісі Онур мен Шехризаттың махаббатының төңірегінде өрбитіні мәлім. Бірақ бұл ертегінің өмірде де жалғасын тапқанын бірі білсе, бірі білмейді.

Филмьде басты рөлді сомдаған Халит Эргенч пен Бергюзар Корель түсірілім біткен соң 2009 жылдың 7 тамызында отау құрған болатын. Олардың қазір Али есімді ұлдары бар.

Айта кетсек Халит Эргенчтың бұған дейін де отбасы болған еді. Бірақ экс-жұбайымен махаббаттары небәрі 1 жылға ғана созылған болатын. 

"Мен бір кездері жеңілтек адам болғанмын, асығыс шешім қабылдап қателік жасадым. Енді ондай өмірге нүкте қойдым." — дейді Халит Эргенч.

Жұрт арасында Халиттың әкесі бірнеше мәрте отау құрған деген дерек бар. Әкесінің қателігін қайталамауға тырысқан актердің әлі күнге дейін Бергюзар Корельмен жұбы жазылмаған.

Алайда бірінші әйеліне опаздық жасағаны үшін Халит мырза 180.000 долларға шығындалған. Бергюзар Корельмен отау құрғанда бірінші әйелінен 9 айлық ұлы болған.

Әлеуметтік желіден бірнеше жылға қол үзген Бергюзар Корель жақында инстаграм желісіне қайта оралды. 


Олардың карьерасында екеуі басты рөлді сомдаған тағы бір "Vatanim sensin" деп аталатын тарихи фильм бар.

Бергюзар Корель 2018 жылы "Bir ask iki hayat" атты сериалда танымал актер Енгин Акюрек екеуі басты рөльді сомдаған.

Бергюзар өзінің әріптесі Енгинмен өте жақсы тіл табысқанын айтады. Түсірілім алаңында бір-бірін жақсы түсініп кикілжің туындамағанына қуанышты.

Эргенчтің айтуынша, қазір отбасында эмоциялық кезең өтуде. Екінші ұлдарының өмірге келгенін күтіп жүрген актер өзінің сезімімен бөлісті.

"Қазір біз өміріміздің ерекше кезеңін бастан өткерудеміз. Екінші сәбиімізді күтудеміз. Біздің бір-бірімізге деген махаббатымыз ерекше. Бергюзар — менің өмірім және мен оны қатты сүйемін" — дейді Эргенч мырза.