Елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды

Елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 наурызға дейін жалғасады.

  • 24 Ақпан 2020
  • 113
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық фтизопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов айтты.

Әлемдік деңгейде аталып өтетін айлықтың маңызы зор. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны – «Туберкулезге қарсы күресте сенің де өз үлесіңді қосатын уақытың келді».

«Осы акцияның аясында емханаларда ашық есік күні өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша соған барып, тексеріле алады. Оның барлығы тегін. 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні.

«Осының аясында туберкулез ауруының алдын алу және басқа да мәселелер бойынша мәліметтер беріп отырамыз»
, – дейді ол.

Айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың тегін кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған.