Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы " Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Орындаушыны шабыттандырып жіберетін ақындардың бары жасырын емес. Мысалы: Алтынай Жорабаеваның "Уф, ах,ох, пах" әнінің сазгері өзі екен. Бұл әнді ұзақ жарыққа шығармаған себебі сазгерлердің әні ұнамаған.
"Бір күні Құрманай Бақтиярқызы сұрады менен Алтынай неге жаңа әнді шығармай жүрсің деп. Мен айттым білмеймін бір нәрсе жетіспей жатыр сазгерлердің шығарған әні ұнамай, көңілімнен шықпай жатыр деп едім. Ол айтты сен оны не істейсің әнді өзің шығара беретін адамсың ғой деді. Таң қалдым сен қайдан білесің шыныменда менің ішімде неш етүрлі ән жатыр. Тек жарыққа шығаруға ұяламын мен сазгер емеспін ғой, әркім өз жұмысын жасамай ма деп қалғам. Жоқ, сен өнер адамысың сенің бойыңда әнге деген махаббат бар ұялма шығар деп айтты. Ән жазбаймын деген ұстанымымды бұзған Құрманайға әлі алғыс айтамын."— дейді.
Бірақ бұл жарыққа шыққан әнді елдер басқаша түсінген сияқты Жорабаева ханым бұны да түсіндіре кетті.
"Тақырып негізі хайп сияқты болып тұрады. "Кімнің кімде несі бар?" деген ән. Өз басыңның қиындығын шешіп ал деген өмірлік ән негізі. Бірақ елдер басқаша түсінеді тақырыбын есіте сала маған жазылған қарсы пікірлерге қарсы жауап ретінде қабылдайды. Бірақ бұның оған ешқандай қатысы жоқ." — деп ағынан жарылды.