Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Қайрат Нұртастың концерті 8 наурыз күні Алматы қаласында өтеді. Осыған байланысты Гүлзира Айдарбекова мен халық арасында дау туды.
Президентіміз 8 наурызда ештеңе өткізбеуін тапсырды деген барлық оқырмандарына Гүлзира ханымның жауабы: Жаңалықтарды ютубтан тыңдап көріңіз, біздің елде жоқ, әзірге. Кейін де болмай-ақ қойсын. Жамандық шақырмай отырайық, біздің ел әзірге тыныш. Сонда сіздің ойыңызша, өкіметті тыңдамай өз білгенімізбен концерт қоймақпыз ба? Олай ешкім жасай алмайды. Толықтай ақпаратты дұрыстап есітіп барып кері пікір айтқан жөн", деп жазды.
"Концерт болмайды деп Тоқаев заң шығарыпты", "Қалай сенбейміз кеше ашық алаңда денсаулық минитрінің өзі айтты емес пе?", "8 мартта концерттер болмайды деді ғо Тоқаев", "Коронавирус көпшілік жерге шықпасын деп жатыр гой", "президентті де сатып алған шығар", деген түрлі тартыс пікірлер толассыз жазылуда.
Бұған дейін, Қайрат Нұртастың 114 миллион теңгеге Азия елдері мен Мәскеуде де болмаған концертін өткізетіндігі туралы жазған болатынбыз.