Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Енді Италия тұрғындарына үйден қажет жағдайда ғана шығуға кеңес беріліп, іс-шараларға тыйым салынып, оқу орындары жабылды.
"Ең дұрысы — үйде отыру. Италияның болашағы — біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", — деп мәлімдеді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте.
Италияда коронавирусқа байланысты музей, кітапхана, бассейндер мен барлар жабылған. 10 наурыздан қабылданған шектеулер 3 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Италияда коронавирустың жаңа түрінен 97 адам қайтыс болған, олардың жалпы саны — 463. Италия вирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында — 9 мыңнан аса адам. Ал қайтыс болған адамдар саны бойынша бірінші орында.