"Үлкен ұлым Алланың сынағымен келді" - Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап мектеп ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үлкен ұлым Алланың сынағымен келді" - Кенжебек Жанәбілов  есту қабілеті төмен  балаларға арнап мектеп ашты

"Үлкен ұлым Алланың сынағымен келді" - Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап мектеп ашты

Жақында ғана ұлды болған Музарт тобының кенжесі Кенжебек Жанәбілов есту қабілеті төмен балаларға арнап орталық ашты,

  • 11 Наурыз 2020
  • 17344
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "ГуГулет" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Кенжебек мырзаға әйелі екінші рет ұл сыйлады және оның есімін Әлихан деп тұңғыш ұлы Ахмет қойған.

Кенжебек Жанәбілов: 

"Бір күні көршім Ринатқа барып, қазақша қандай есімдер бар, маған жіберші, қарайын дедім. Бірақ ұлым Әлихан деп қойғым келеді деп айтты дедім. Сол кезде Ринат маған: Тұңғыш ұлың Алланың сынағымен келген бала ғой, ол не айтады соны қой. Өйткені ол періштелермен сөйлесетін бала деді. Сол кезде барып ойланып қалдым. Ринаттың сөздері жүрекке тиді.Сонымен Ахмет айтқандай ұлымыздың есімі Әлихан болсын дедім", — дейді.

Үлкен ұлы сынақпен келгенін, дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығы салдарынан біраз жүріп қалғанын айтты. Және осындай қиындыққа тап болған отбасылардың көп екендігін ұлы туралы бар шындқты айтқанда ғана білді.

Кенжебек Жанәбілов:

"Біздің бармаған жеріміз жоқ, және бұндай балалардың саны өте көп екен. Менің өзіме де жекеге күніне қаншама адамдар жазып жатады. Дәрігерлердің дұрыс бағыт бермеуінен де сандалып жүріп қалдық. Германияға бардық, Қытайға да бардық. Кейіннен барып түсіне бастадым. Операция жасаттық",- дейді.

Кезінде осындай мамандардың көмегіне зар болған Кенжебек басқа сәбилердің денсаулығы үшін, кәсіби дәрігерлердің басы қосылған орталық ашты.


Кенжебек Жанабілов:

"Ата-аналардың материалдық жағдайлары жетпейтіндігін мен көріп, сондай есіту қабілеті төмен балаларға арнап "Ел-Назы" деген орталық аштым.Қазір жұмыс жасап жатырмыз шүкір.Операциядан кейін келіп балалар тегін білім ала алады",— деді.

"Мен негізі кешігіп қалдым операция жасатуға.Ойланып жүре бердім. Қазір маған жазып жатқан ата-аналарға айтарым, көп ұзатпай операция жасатып жіберіңіздер. Өз басым операцияны кеш жасатқаныма өкініп қалдым."— дейді.

Мейірімділік тапшы заманда бұндай қамқорлық танытқан өнер адамдарының бары жанды жадыратады.