Еліміздегі банктердің бірі клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегеретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі банктердің бірі клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегеретін болды

Еліміздегі банктердің бірі клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегеретін болды

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

  • 18 Наурыз 2020
  • 1570
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Михаил Ломтадзенің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты.

— Біз жұмысымызда "Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге де жақсы", деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереміз. Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады. Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық, — дейді Ломтадзе.

Бірақ 3 маңызды нәрсеге назар аудару керек:

— Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек.

— Екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.

Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.

— Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Бұл бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында жасалады.