Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Олардың бірі — дипломат. 1976 жылы туған, ол бүгін кешкісін Лондоннан бізге ұшып келді. Екіншісі — 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Екеуі де ауруханада, олардың денсаулығы қанағаттанарлық", — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.
Инфекцияның таралуының 31 жағдайы Нұр-Сұлтанда, Алматыда — 22 жағдай, Алматы облысында — 1, Қарағандыда — 2 жағдай. Қазіргі уақытта Қазақстанда 56 жағдай тіркелген.