"Қиын кезең келді. Бірақ тамақ, киім, аяқ киім әрқашан жеткілікті болуы тиіс". Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қиын кезең келді. Бірақ тамақ, киім, аяқ киім әрқашан жеткілікті болуы тиіс". Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп туралы айтты

"Қиын кезең келді. Бірақ тамақ, киім, аяқ киім әрқашан жеткілікті болуы тиіс". Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп туралы айтты

"Коронавирус пандемиясы планета адамдары үшін, бүкіл қаржы-экономикалық және әлеуметтік жүйе үшін үлкен сынақ болды. Карантиннің енгізілуі, шекаралардың жабылуы адамдар қозғалысының тоқтатылуына ғана емес, экономикалық байланыстардың құлдырауына әкеледі"

  • 30 Наурыз 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева  "Егемен Қазақстан" басылымындағы мақаласында  жеңіл өнеркәсіпті жандандыру қажеттігіне баса назар аударды,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Сенат Төрағасы жеңіл өнеркәсіп саласының өзгерістерді қажет ететіндігі дәл қазіргідей күрделі кезеңде айқын байқалғанын айтты.

"Ең қарапайым зат – медициналық мас­калар – нөмірі бірінші тапшы тауарға айналды. Жеңіл өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындар аз бөлігінің өзі қысқа мерзімде бар күштерін маска шығаруға бағыттай алмайтындай жағдайда болып шықты. Тіпті өзіміздің дәке өндірісіміз де жоқ. Қалыпты уақытта маскамен ойдағы­дай қамтамасыз етіп келген шағын кәсіп­орындар дағдарыс кезінде мәсе­лені шеше алмады",- деді Дариға Назарбаева.

Бұл ешқайда асықпай, көп нәрсені ойлану үшін жақсы уақыт. Ең бастысы, баршамыздың ғажап ортақ үйіміз – Қазақстанның қауіпсіздігі туралы, біздің өмір сүруге бейімділігіміз және кез келген дағдарысты жеңе білуіміз туралы ойланатын кезең.

"Біз 90-жылдары ұлттық жеңіл өнер­­кә­сібімізді іс жүзінде жоғалтып алдық. КСРО республикаларының эконо­­ми­калық байланыстары үзілді, өнер­кәсіптің шикізат базасы бұзылды, ашық шекаралар арқылы әкелінетін арзан тауарлар қаптап кетті, сондықтан бұл сала түбегейлі тоқырады",- деді Сенат Төрағасы. 


Қазақстанда қазіргі уақытта 1071 же­ңіл өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істейді екен. Олардың небәрі 40-ы ірі және орта санатқа жатады (12 ірі және 28 орта). Яғни жеңіл өнеркәсіптің са­ла­­­лық кәсіпорны – тігін және аяқ киім фабрикасы емес, ателье немесе артель.

Дариға Назарбаева аталған саланы дамытуға не кедергі болып отырғанын жіктеп айтқан. Жалпы әлемді жайлаған пандемия кезінде жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қажеттігіне тоқталған. Себебі індет адам­дарға ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономикаға да жұқпалы әсер етті.

"Барлық даму бағдарламасына орын алуы мүмкін дағдарыстар­ға бай­ланысты түзетулер енгізуге тиіс­піз. Бұл – пандемия, климаттың өзгеруі, дұшпандық әрекеттер, шикізат немесе қаржы нарықтарындағы құрылым­дық құлдыраулар және еліміз үшін қаламайтын басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Алайда біз барлығына дайын болуымыз керек",- деді Дариға Назарбаева