Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің жекелеп сату бағасы литріне 2-9 теңгеге, дизель отынының литр құны 7-10 теңгеге арзандады. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында АИ-92 150 теңгеден сатылса, дизель отынының құны 183 теңгеге тұрақтады. Басқа қалалар мен өңірлерде АИ-92 баға ауқымы 150-155 теңгені құрайды. Дизель отынының құны 182-186 теңге аралығында, — делінген хабарламада.