Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті қоса алғанда, 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.
68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағадай бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар,-деді ол.
Сондай-ақ, ол барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылып, оқшаулауға орналастырылғанын жеткізді.
Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды,-деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның 50-і бала екен. Үй карантинінде 3853 азамат бар.