Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қалада коронавирустан көз жұмған адам туралы ақпарат берді.

  • 5 Сәуiр 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Шымкентте 1964 жылы туған науқас көз жұмды. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атамекен ауылының тұрғыны. Науқас 3 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, ол жүк көлігінің жүргізушісі болған және Мәскеу-Алматы бағытында жол жүрген. Шымкент транзиттік қаласында ол қызуының көтерілгеніне байланыс жедел жәрдемге жүгінген және шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ, емделушіде қант диабеті, артериялық гипертония ілеспе аурулары болды. Науқас туберкулезбен ауырғаны анықталды", — деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

Оның айтуынша, бүгін түнде реанимацияда емделушінің жағдайы нашарлаған. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас көз жұмған.


Айта кетейік, көз жұмған науқас жұмыс барысында баласымен бірге болған.