Нұр-Сұлтаннан Қызылорда облысына барған адамнан вирус анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтаннан Қызылорда облысына барған адамнан вирус анықталды

Нұр-Сұлтаннан Қызылорда облысына барған адамнан вирус анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі - Қызылорда қаласының тұрғындары, олар науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантинд?

  • 7 Сәуiр 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Ауру жұқтырғандардың үшеуі — Қызылорда қаласының тұрғындары, олар науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал бір жағдай Сырдария ауданында тіркелді, ол Нұр-Сұлтан қаласынан келген және ЖРВИ симптомдары болуына байланысты провизорлық стационарда бақылауға алынған.

Аталған азаматтардың барлығынан ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынама алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда — делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


7 сәуірдегі жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясына шалдыққан 54 адам бар: Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында -1 жағдай.