Елде коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 700-ден асты

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi.

  • 8 Сәуiр 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа деректерге сәйкес Қызылорда облысында — 3 адам, Атырау облысында — 4 адамның коронвирус жұқтырғаны анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында — 55 адам, Ақмола облысында — 42 адам, Атырау облысы — 36 адам, Жамбыл облысында — 45 адам, Шымкент қаласында — 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 5 адам, Қызылорда облысында — 69 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 33 адам, Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді.