Гүлзира Айдарбекова бойында тылсым күш бар екенін ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлзира Айдарбекова бойында тылсым күш бар екенін ашық айтты

Гүлзира Айдарбекова бойында тылсым күш бар екенін ашық айтты

Гүлзира Айдарбекова алғаш рет бойында тылсым күш бар екенін ашып айтты.

  • 9 Сәуiр 2020
  • 128
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Танымал продюсерге бұл ерекше қасиеті нағашыларынан дарыған. Ол балалардың ауырып тұрғанын сезіп қойып, өзі емдейтінін жеткізді.

«Алдыма кішкентай нәрестені алып келіп тұрғанда, оның түрінен түр қалмай, көзі кіртиіп тұрғанын байқаймын. Балаға не болғанын сұрағанда анасы іші өтіп, лоқсып, дене қызуы көтеріліп жүргенін айтады. Өзімнен өзім отырғанда, білмеймін, арқамнан бірдеңе келіп итереді. Толқыныс. Өзім түсінбей қаламын. Жан-жағыма қараймын, бірақ отыра алмаймын. Бір жағынан бөпесін алуға ұяламын. Сосын "берші маған" деп қолынан жұлып алғандай боламын. Себебі, жаңағы күш қайтып кетеді.

Ол қайтып кетпей тұрғанда баланы қолынан жұлып алам. Еңбегінен қатты сорамын да бетіне түкіремін. Сомен бала ұйықтап, жазылып кетеді. Тәуіп болғым келмейді. Қорқамын да, кіріп кетпесем екен, ырымдап жүре берсем деп ойлаймын.

Бойымда бір күш бар екенін сеземін. Оны күйеуім де, бала-шағам да бәрі біледі. Өйткені, мен балаларымды, немерелерімді еш уақытта ауруханаға тасымаймын, өзім қолдан емдей саламын. Қатты өтіп кетсе үш күн, қатты болмаса бір күн тамағын ашып жібере саламын. Сосын өзім сылап, массаж жасап емдей саламын", — деді ол.