Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Италия азаматтық қорғаныс департаментінің деректеріне сәйкес, елде тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 2667 жаңа жағдай тіркелген.
Мәскеу шұғыл штабының хабарлауынша, Ресейде тәулік ішінде 3448 адамнан коронавирус анықталған.
Италияда эпидемия кезінде 165 мың адам коронавирус жұқтырды, олардың ішінде 38 мың адам жазылды, 21 мың науқас қайтыс болған.
Ресейде коронавирус 28 мыңға жуық адамнан анықталған. 2,3 мың адам сауықты, 232 адам көз жұмды.
Ал, италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, елде соңғы екі аптада COVID-19 жұқтыру дерегі азайып келеді.
Еске салайық, соңғы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 1341 адам коронавирус жұқтырған. 273 адам жазылды, 17 адам қайтыс болды.