Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шыққан. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.
Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенген. Жол полициясы мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады, – делінген мәліметте.