Instagram парақшасына жүктеген ол үндеуінде әнші халыққа қайырымдылық шарасын жасау барысында «көзбен көріп, көңілге түйген» қиын жағдайды баяндаған. Сол үшін мемлекет басшысынан карантин режимін жеңілдетіп, азаматтардың қоғамдық жұмысқа шығуына рұқсат беруін сұрап отыр, деп жазады Skifnews.kz-ға сілтеме жасап Caravan.kz порталы.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге қазақстандықтардың атынан өтініш айтқым келеді. Елімізде карантин жарияланған бір айдан астам уақыт ішінде медициналық қызметкерлер адам бойында вирус бар-жоғын анықтап үлгерді деп ойлаймыз. Біз әр аймаққа барып, тамақ таратамыз. Өкінішке қарай, бәріне бірдей көмектесе алмаймыз. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды көреміз.
Таксистер, тазалықшылар, даяшылар, базарда жұмыс істеп келгендер күнделікті ас-суын таба алмай қалды. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сол себепті, карантин режимін жеңілдетіп, бірқатар компаниялар мен мекемелерге санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұраймын.
Бұл азаматтардың жағдайын жеңілдетеді. Олай болмаған жағдайда, адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі! Бұл бейбіт заманда тіпті қиын болмақ. Осыны назарға алуыңызды сұраймын. Сізге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Рахмет!», – деді әнші видеоүндеуінде.
ТЖелі қолданушылар да оның датын қолдаған пікірлер білдіріп жатыр. Бәрі осы айтылған сөздің жоғары жаққа жетуін тілеуде.