Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында қалада соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төлемдерді аудару басталды», — деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол бүгінде қалада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 44 ардагер тұрып жатқанын еске салды.
Сонымен бірге, бір реттік төлемақы тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің жесірлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі.