Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ—ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.