Қадір түнінде еліміздегі мешіттер жабық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадір түнінде еліміздегі мешіттер жабық болады

Қадір түнінде еліміздегі мешіттер жабық болады

Құлшылық жасаймын деушілерге таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін кіруге рұқсат. Онда да шектеулі уақытқа.

  • 17 Мамыр 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Сондай-ақ ол 18 мамырда мешіттердің барлығы бірдей ашылмайтынын айтты. Құлшылық орны тек эпидемиологиялық жағдайы тұрақты аймақтарда ғана есігін ашады. Мешітке кіру тәртібі де бекітілді. Неке қиюға 4 адам, ал құран оқытуға 10 адамның бірге кіруіне рұқсат.

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 100 мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасады. Сонымен қатар «Зекет» қорының ұйымдастыруымен қызыл судан зардап шеккен Мақтаарал халқына көмек ретінде Түркістан әлеуметтік даму қорына 10 млн теңге аударды. Алдағы уақытта зардап шеккен 2 отбасына 2 үйдің кілтін табыстамақ ниетте.