Тоқаевтың рейтингін көтерген үш себеп - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың рейтингін көтерген үш себеп

Тоқаевтың рейтингін көтерген үш себеп

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде президенттіктен кетті. Орнына заң бойынша уақытша Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев отырды. Кейіннен кезектен тыс президенттік сайлау өтіп, Тоқаев мырза жеңіске жетті. Оған да бі?

  • 17 Мамыр 2020
  • 322
Фото - Caravan.kz

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде президенттіктен кетті. Орнына заң бойынша уақытша Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев отырды. Кейіннен кезектен тыс президенттік сайлау өтіп, Тоқаев мырза жеңіске жетті. Оған да бір жылға жуық уақыт болған екен.

30 жыл бір адамның билік тізгінін толықтай қолында ұстағанынан кейін халықта басында Қасым-Жомарт Кемелұлына аздап күдікпен қарағаны жасырын емес. Шынын айту керек, үйренісе алмай жатты. Бірақ күннен-күнге қолдаушыларының саны артып келе жатқаны байқалады.

 

Халықтың жанды жерін дөп басты

 

Жаңа президентке елдің алдында жақсы абырой жинау үшін бірден ірі жоба керек еді. Тоқаевтың командасы осы жерде сәтті қимылдай білді. Яғни, халықтың тамырын дөп басты. Сол тұста Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе 600 мың адамның банктердегі берешектері жойылатынын хабарлағаны бар. Бұл жаңалық біздің елге де жетті. Әбден несиеден қиналған халық осындай қуанышты хабар бізде де болса деп үміттенген. Осы тұста ел Президенті сайланғанына 17 күннен кейін, яғни, 2019 жылдың 26 маусымында Үкімет пен Ұлттық банкке әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықтың кепілсіз тұтыну несиелері бойынша қарыздарын өтеп беруді тапсырды.

Олардың қатарына мына санаттағы адамдар кірді:



• Көпбалалы отбасылар;

• Асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алып отырған отбасылар;

• Мүгедек балалары бар, 18 жастан жоғары жастағы мүгедектерді асырап отырған отбасылар;

• Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;

• Жетім балалар;

• Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтар.

Сөйтіп, ұлттық банктің 2019 жылғы 2 шілдедегі №116 қаулысымен белгіленген тетіктердің көмегімен банктер мен шағын қаржыландыру орталықтары 30 шілдеге дейін 1 193 091 азаматтың 33,6 млрд теңге көлеміндегі айыппұлдары мен төленбеген несиелерінің өсімақысын кешірді.