Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатыр

Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1848 жағдайы тіркелген. 

  • 18 Мамыр 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, кеше қалада жаңадан 46 жағдай тіркелген. Оның 8-і жергілікті жағдай, 12-сі үйдегі инфекция ошағындағылармен байланыста болған азаматтар. Қалғандары қаладағы карантинді және провизорлы орталықта болған азаматтар. 

Осы уақытта қаладағы инфекциялық стационарда 929 адам емделуде. Оның 40-ы балалар. Ем қабылдап жатқан екі адамның жағдайы өте нашар, ауыр халде жатыр. 22 адамның жағдайы ауыр, 296 науқастың халі орташа ауыр, ал қалғандарында қанағаттанарлық. Олар симптомдары жоқ науқастар, — деді басқарма басшысы.  


Сондай-ақ, ол қала бойынша жазылып шыққан азаматтардың саны 910 адамға жеткенін, бүгін тағы 50 азамат ауруханадан шығару көзделіп отырғанын айтты. 

Провизорлық госпитальдарда 251 адам бар, оның 6-уы бала. Карантиндік оқшаулауда 260 адам, үй карантинінде 13 087 адам бақылауда, — деді ол.