"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады, деп жазды sputniknews.kz
2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:
- №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
- №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;
12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.