Президент Аида Балаеваны қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Аида Балаеваны қабылдады

Президент Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.

  • 2 Маусым 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.tv -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министр ведмостваның атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.