Тұра берсін жер аман,тауымда аман
Аман жүрсін досымда,жауымда аман
Адам түгіл шөптермен, жануарда аман
Қиналғанын сезіну ауыр маған.
Қ-с.
Өткереді не зұлмат құйындардан,
Елім аман болсыншы,үйімде аман
Жаратқаны сақтаған адамзатты
Сол болсыншы беретін сыйың маған.
Көңілім бар ешкімге дарымаған
Аман болсын жат адам,бауырда аман
Адам түгіл тұп-тұнық мына аспаннан
Жұлдыз ағып құласа ауыр маған.
Шаршасамда қуатты дауылдардан
Жауындардан беймезгіл сауындардан
Бәріненде көнер едім тек сәбидің
Жаутаңдаса жанары ауыр маған.