Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін

Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін.

  • 4 Маусым 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз", — деді Бекшин.