Алименттен қашып жүргендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алименттен қашып жүргендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Алименттен қашып жүргендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Төленбеген алимент 6 миллиард теңгеден асты. Сондықтан алимент төлеуден қашып жүргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды күшейту керек.

  • 5 Маусым 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz

Сенаторлар осындай мәселе көтерді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттардың айтуынша, заңға сәйкес еңбекке жарамды ата-аналар балаларын асырап-бағуға міндетті.

Сондай-ақ, сот орындаушысы қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізе алады. Бірақ тергеушілер заңның кей солқылдақ тұсын пайдаланып, олардың іс-әрекетінде қылмыстық бұзушылық құрамы жоқ деп, іс жабылып қала береді екен. Сондықтан балалардыңалдында борышкерлер қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек дейді.

Ал Әділет министрлігі заңды күшейтуден гөрі, басқа жолын ұсынып отыр.


Наталья Пан, ҚР Әділет вице-министрі: 

  — Мәселен, әділет органдары әкімдіктермен бірлесіп сондай қарызы бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жоспар құрды. Одан бөлек, қазір Сенат қарауында жатқан заң жобасы бойынша, ондай қарыздар азаматтарға іздеу жариялауды жеңілдету көзделіп отыр. Яғни, іздеу жариялауды қиындататын кей әкімшілік кедергілер алынып тасталды.