Атырауда ер азамат суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ер азамат суға батып кетті

Атырауда ер азамат суға батып кетті

Атырауда рұқсат етілмеген жерге шомылған жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

  • 5 Маусым 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

"4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД “Жедел-құтқару жасағы” күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. 19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды. Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды", — делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса Атырау облысының ТЖД арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады деп ескертті.