Мемқызметшілердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемқызметшілердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды

Мемқызметшілердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру ұсынылды

Үкіметте өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мемлекеттік қызметшідердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

  • 12 Маусым 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр», — деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л. Бюрабекова

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов адамдардың ауыру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.


Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80%-ын қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.