Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр

Желіде карантин кезінде өткен үйлену тойының видеосы тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында болған үйлену тойының видеосы тарап жатыр.

  • 15 Маусым 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин кезінде отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынғандықтан полиция қазіргі уақытта видеодағы адамдарды іздестіріп жатыр.

Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланды. Видео авторлары үйлену тойының Түркістан облысында болғанын айтады.

"Үйлену тойы үйдің ауласында өткен, ал қонақтар пандемияға дейінгі тойлардағыдай өте көп. Қолданушылардың бірі үйлену тойын ұйымдастырған адамды айыптаса, өзгелері бұл жағдайға түсіністікпен қарайды", — делінген видеоның сипаттамасында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz) on

"Полиция осы іс-шараның қашан және қайда өткенін анықтайды. Егер Той карантин кезінде өткен болса, онда той иелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  462-бабы, 3-бөлігі ("Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды талаптарды немесе қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", — деді полицейлер.