"Ислам дініндегі талақ ұғымына заңмен тыйым салу керек": Заңгер ерлер мен әйелдерге ес жиғызатын сөз айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ислам дініндегі талақ ұғымына заңмен тыйым салу керек": Заңгер ерлер мен әйелдерге ес жиғызатын сөз айтты

"Ислам дініндегі талақ ұғымына заңмен тыйым салу керек": Заңгер ерлер мен әйелдерге ес жиғызатын сөз айтты

Әлеуметтік желі қолданушысы Тортуыл Шоқан әйелдерге арнап жазба арнап, заңсыз некеде тұрып жатқандарды ойлануға шақырды.

  • 16 Маусым 2020
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды,Caravan.kz медиа-порталы. 

Ол сондай-ақ талақ айтып ажыраса салатын діни ағым жетегіндегілер мен тоқал алғыш еркектерді де сынға алыпты. 

Қыз-келіншектерге!

Уақытша некеге тұрғаныңмен, баланы уақытша таппайсыңдар! Естеріңді жиыңдар!
Егер де, араларыңда заңды некесіз еркек пен тұрып жатқандарың болса-жанұялық ара-қатынастарыңды дереу заңдастырыңдар!
Азаматтық некеде де жауапкершілік жоқ!
Естеріңде болсын!
Дәл қазіргідей, жауапкершілігі жоқ адамы көп қоғамда, мынандай жемқорлық жайлаған жүйе тұрғанда-баланы «күлге аунап таппағаныңды» дәлелдей алмайсың!
Сосын, ислам дініндегі талақ ұғымына заң мен тыйым салу керек!
Әйелді талақ еткен еркексымақтардың орны-түрме!
Заң мен рұқсат етілмеген, зайырлы ел заңына қайшы қылық жасап тоқал алғандарды да жазалау қажет!
«Тірі» әйелі тұрып, оған қосымша тоқал алуды тоқтату керек!

Қатты-қатты айтып жерсем, тоқалы бар «достарым» кешірерсіңдер енді.