Тележүргізуші Диана Қырықбай Instagram парақшасындағы видеосы үшін оқырмандарынан сөз естіді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Себебі ол орынсыз әзіл айтам деп көпшілікке жақпай қалды. Атап айтқанда Диана Қырықпай құдайдан жігіт сұрайды.
«О, құдай, пожалуйста, маған жігіт берші. Жүргім келеді», деді ол видеода.
Әйтседе қыздың бұл қылығы көпшіліктің көңілінен шыға қоймады. Олар Диана Қырықбайдың бұл ісін керісінше сынға алды. "Құдаймен ойнама, басқа зат таппағандай", "Байға тию керек. Бала емессің ғой" ,"Кішкене қуып журсің ғой деймін", "Құдайды араластырғаны дұрыс болмады" , "Құдаймен ойнама, үйіңді таппай қаласың", деп жазды желідегі оқырмандар.
Дегенмен әзілді дұрыс түсініп, жеңіл қабылдағандар да көп.