Шымкентте 9 медициналық қызметкер екіжақты пневмониядан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 9 медициналық қызметкер екіжақты пневмониядан қайтыс болды

Шымкентте 9 медициналық қызметкер екіжақты пневмониядан қайтыс болды

Шымкентте бір ай ішінде 9 медицина қызметкері екіжақты пневмониядан қайтыс болды.

  • 8 Шiлде 2020
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Facebook-те қайтыс болған дәрігерлердің видеоролигі пайда болды. Онда дәрігерлердің коронавирустан қайтыс болғаны айтылады.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, роликте көрсетілген 9 дәрігер Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істеген.


"Олар 3 маусым мен 7 шілде аралығында қайтыс болды. Қайтыс болған дәрігерлер хирург, педиатр, гинеколог, зертханашы, узист және тағы басқа болып жұмыс істеді. Олар үздік мамандардың бірі болды. Медицина қызметкерлерінің өліміне екіжақты пневмония себеп болып отыр", — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.