Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстандағы коронавирус жағдайы біздің кеңесте алынған мәліметтерге қарағанда жақсарып келеді. Соңғы екі аптада жағдайдың үштен бірі тіркелген болса да, құлдырау байқалады. Мемлекет санитарлық шаралар қолданып жатыр. Сондай-ақ науқастарды тестілеу мен емдеу, инфекцияны бақылау шарасын жақсартып жатыр. Әсіресе Қазақстан пневмония анықталмаған науқастарды тестілеуден өткізуге келісті. Біз мұны барлық елде жасауды ұсынамыз.
Бұған дейін дәрігер Клуге айтқандай, Қазақстан жағдайларды әлемдік стандартқа сай қайтадан квалификациялауға көшті. Бұл науқас коронавирус не басқа ауру жұқтырғанын анықтауда маңызды. Бірақ, бір нәрсені айта кетейін, қайтадан квалификациялау COVID-19 жағдайының ұлғайғанын көрсетуі мүмкін. Ол қайтадан квалификациялау кезеңінде күрт ұлғаюы мүмкін. Бұл COVID-19 жағдайы ұлғайды деген сөз емес. Ол тек бұрынғы база қайтадан квалификацияланғанын білдіреді. Қайталап айтамын, бұл коронавирус жағдайы ұлғайды деген сөз емес. Бұл Қазақстанның әр азаматы үшін, көршілес елдер мен Еуропа елдері үшін маңызды үндеу. Бірақ босаңсып кетудің қажеті жоқ. Вирус тарап жатыр. Оны тоқтату үшін бәріміз көмектесу қажетпіз ", — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Дорит Ницзан қазір вирусты жою үшін әрекет ететін кезең екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда 66 895 адам коронавирус жұқтырды. 40 256 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.
Еске салайық, енді Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі.